31
март
2022
Құжаттарды қабылдау кезеңі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрығының 9-7 тармағына сәйкес балаларды “Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия” МКМ бірінші сыныбына қабылдау үшін білім беру ұйымы 01.04.2022-15.06.2022 жыл аралығында дербес емтихан (сұхбат) өткізеді.
2017 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы білім туралы заңның 31-бабының I тармақшасына сәйкес, бірінші сыныпқа балалар 6 жастан қабылданады.
Бірінші сыныпқа қабылдау egov.kz порталы арқылы іске асырылады( өтінішті үйден электрондық сандық қол арқылы жолдауға болады). Құжаттарды қабылдау 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар қажет:
1. баланың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші (электронды түрде қалыптасады);
2. баланың туу туралы куәлігі (электронды түрде қалыптасады);
3. 3х4 см өлшемдегі баланың фотосуреттері (2 дана)
4. Баланың денсаулық паспорты (026/у нысаны);
5. Егу паспорты (063/у нысаны)