Профилактикалық жұмыс » Ш. Уалиханов атындағы №2 гимназия
Алматы облысы
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі
"Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-39-96
Нашар көрермендер
нұсқасы
16
сентябрь
2022

Профилактикалық жұмыс

Бүгін «Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-де жоспарға сай 9-11 сынып оқушылары арасында зиянды әдеттердің өмірімізге әсері туралы профилактикалық әңгіме өткізілді. Осыған орай қалалық аурухана мейірбикесі Б.Ж.Сейдахметова шақырылып, «Шылым шегу», «Алкоголизм», «Гигиена» тақырыптарын қозғады. Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор, полиция аға лейтенанты С. Тлеухан оқушыларға құқық бұзушылықтың қандай түрлері бар екенін және  кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары қандай жауапкершілікке тартылатыны жайлы мәлімет берді. АӘ және ТД оқытушысы-ұйымдастырушы Ибраимов Б.С.  зиянды әдеттердің  жасөспірімдерге тигізетін әсері, жанжал жағдайында өзін қалай ұстау және олардан аулақ болу керектігі туралы ақпарат берді. Сондай-ақ «Электрондық темекі, вейп» және «Мектептегі,  қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері» тақырыптары қозғалды. Балалар көтерілген тақырыптарға үлкен қызығушылық танытып, сұрақ - жауаппен ой алмасты. Әңгіме қызықты әрі пайдалы ақпаратқа толы болды.