16
сентябрь
2021
Біздің Отанымыз- байтақ та, бай ел!
"Ш. Уәлиханов атындағы #2 гимназия" МКМ-де мектепішілік жоспарға сәйкес тілдер апталығы өтуде. Ана тілі- кез келген мемлекеттің елдің ең негізгі рәмізі, ұраны және тірегі. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында 15.09 күні "Менің елім" тақырыбында бастауыш 3-4 сыныптар арасында ұлтымыздың дәстүрін, ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында көрме ұйымдастырылды. Көрме барысында оқушылар өздерінің қызығушылықтарын білдіріп өз білгендерін ортаға салып бөлісті. Тіліміздің мәртебесі шарықтай берсін....