25
январь
2023
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс
2023 жылдың 25 қаңтарында «Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-де 7-8 сынып оқушылары арасында Қонаев қаласы прокуратурасының прокуроры А.Қ. Ділдебаев, ювеналды полиция капитаны О.Қ.Сайлыбаев және Қонаев қалалық білім бөлімінің әдіскері К.Ж. Қалибекова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қорлаудың және киберқорлаудың, зорлық-зомбылық пен жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ электронды темекі шегудің зияны туралы әңгіме сұқбат өткізді. Балаларға әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық туралы баптар таныстырылды.