Іс-шаралар » Страница 2 » Ш. Уалиханов атындағы №2 гимназия
Алматы облысы
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі
"Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-39-96
Нашар көрермендер
нұсқасы
Әр бала бақытты болуға лайық» атты қайырымдылық акциясы
24
март
2023
Әр бала бақытты болуға лайық» атты қайырымдылық акциясы
«Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-де 9-11 сынып оқушылары көктемгі демалыс уақытында, «Әр бала бақытты болуға лайық» деген ұстанымды алға қойып, көмекке мұқтаж жандарға, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында қайырымдылық көмек көрсетті. Қамқорлық жасау – қайырымды қоғамның қағидасы, тәрбиеліктің, парасаттылықтың айқын көрінісі.
«Ұлттық спортты қолдаймыз»
24
март
2023
«Ұлттық спортты қолдаймыз»
Оқушылардың көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында, 7-8 сынып оқушылар арасында «Ұлттық спортты қолдаймыз» атты «Ұлттық ойындар» ойнатылды. Ойындардың адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына.
«Пайдалы демалыс»
24
март
2023
«Пайдалы демалыс»
Көктемгі демалыс кезінде «Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-нің оқушылары уақытын тиімді пайдалану мақсатында, сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен мәдени орындарға (музей, театр, кино) барды. Мұндай бағдарламалар оқушылардың белсенді іс-әрекеттері арқылы мүмкіндіктерін толықтай көрсете алуына көмектеседі.
5-6 сынып оқушылары арасында "Ең креативті жігіттер" атты сайыс
03
март
2023
5-6 сынып оқушылары арасында "Ең креативті жігіттер" атты сайыс
Әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту, мақсатында,«Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-де 5 - 6 сынып оқушылары арасында «Ең креативті жігіттер» атты  сайыс өтті. Балалар өздерінің аспаздық және шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды, сонымен қатар қыздарды, аналар мен әжелерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Сайыс нәтижесінде оқушылар құрмет
"Теміржол - қауіпті аймақ, абай болыңыз!"
02
март
2023
"Теміржол - қауіпті аймақ, абай болыңыз!"
2023 жылдың наурыз айының 02-сі күні ҚР КПД Қонаев Желілік полиция бөлімінің Әкімшілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция майоры О.А. Сүлейменов «Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ оқушыларына «Теміржол – қауіпті аймақ, абай болыңыз!» тақырыбында профилактикалық түсіндірме жұмысын жүргізілді.
Сөмкесіз бір күн
02
март
2023
Сөмкесіз бір күн
Бүгін «Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ  оқушылары арасында «Сөмкесіз бір күн» атты шара өтті. Оқушылар өздерінің шығармашылық идеяларын қуанышпен көрсетті.
"Алғыс айту күніне орай" өнер студиясы
01
март
2023
"Алғыс айту күніне орай" өнер студиясы
«Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ  оқушылары үшін «Алғыс айту күніне орай» өнер студиясы атты түрлі-түсті бояулар күні  өтті. Шығармашылық топтар оқушыларға алғыс жүректерін, күн, гүл, сүйкімді жануарлардың суреттерін салды.
«Құймақ викторинасы»
22
февраль
2023
«Құймақ викторинасы»
«Оқұға құштар мектеп» аясында «Құймақ викторинасы» атты іс-шара өткізіліп, оған тек оқушылар ғана емес, «Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-ның ұстаздары да белсенді қатысты.
«Төтенше жағдайлардағы іс-қимылдың негізгі өлшемдері» атты профилактикалық  жұмыс.
20
февраль
2023
«Төтенше жағдайлардағы іс-қимылдың негізгі өлшемдері» атты
«Шоқан Уалиханов атындағы No2 гимназия» МКМ-ның 9-11 сынып оқушылары арасында «Төтенше жағдайлардағы іс-қимылдың негізгі өлшемдері» атты профилактикалық әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында АӘТД оқытушысы Ибраимов Бақытжан Сағындықұлы оқушыларға төтенше жағдайлардың түрлерімен, сондай-ақ төтенше  жағдай туындаған кездегі негізгі іс-әрекеттермен, жер сілкінісі, өрт, террористік және экстремистік шабуылдар кезінде қауіпсіз аймақтарды табу жолдарымен таныстырды.
Отралық кітапханаға саяхат
17
февраль
2023
Отралық кітапханаға саяхат
" Пайда ойлама , ар ойла  Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта , Ерінбей оқып көруге" деп Абай атамыз айтқандай , бүгін  1" Ә" сынып оқушылары  қалалық кітапханаға саяхат жасады.