Іс-шаралар » Страница 3 » Ш. Уалиханов атындағы №2 гимназия
Алматы облысы
Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі
"Ш. Уәлиханов атындағы №2 гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72772) 2-39-96
Нашар көрермендер
нұсқасы
Абай оқулары
17
февраль
2023
Абай оқулары
Қазақстан Республикасы оқу ағарту министрлігі "Алтын білім кілті" әдістемелік ғылыми- зерттеу орталығының  қолдауымен Республика  көлемінде ұйымдастырылған "Абай оқулары "байқауына 1" Ә" сынып оқушылары қатысып өзінің шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсетті .
«Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне» орай ұйымдастырылған іс - шара.
10
февраль
2023
«Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне» орай
«Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-де АӘжТД оқытушы  Б.С. Ибраимовтың ұйымдастыруымен «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне» орай, оқушыларды Отанды сүюге және ерлікке, бірлікке, ел тарихын білуге шақыру мақсатында әскери-патриотық тәрбиелік мәні зор маңызды іс-шара өтті.  
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық жұмыс
25
январь
2023
Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша
2023 жылдың 25 қаңтарында «Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-де 7-8 сынып оқушылары арасында Қонаев қаласы прокуратурасының прокуроры А.Қ. Ділдебаев, ювеналды полиция капитаны О.Қ.Сайлыбаев және Қонаев қалалық білім бөлімінің әдіскері К.Ж. Қалибекова кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қорлаудың және киберқорлаудың, зорлық-зомбылық пен жыныстық қол сұғылмаушылықтың алдын алу мақсатында, сондай-ақ электронды темекі шегудің зияны туралы әңгіме сұқбат өткізді. Балаларға
Ашық сабақ
23
январь
2023
Ашық сабақ
“Шоқан Уалиханов атындағы #2 гимназия” МКМ-де жаратылыстану-математика пәні мұғалімдерінің апталығы басталды. Мақсаты: оқушылардың жаратылыстану-математикалық цикл пәндеріне және өзін-өзі тануға деген ынтасын арттыру, жеке, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, жаратылыстану-математикалық пәндерді тереңдетіп оқуға ұмтылу.
“Ұлтының дара тұлғасы”
12
январь
2023
“Ұлтының дара тұлғасы”
Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, оқушылар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу мақсатында  
Ұлағатты ұстазбен кездесу
06
октябрь
2022
Ұлағатты ұстазбен кездесу
Білім жүйесінің дамуына зор үлес қосып, өзінің біліктілігімен, кәсібилігімен дараланған ұлағатты ұстаз, қазіргі таңда аналар қорының төрайымы Нусупбекова Дәметкен Таласбековнамен «Шоқан Уалиханов атындағы №2 гимназия» МКМ-ме 7 «А» сынып оқушыларымен кездесу өтті. Ұлағатты ұстаз кездесу аясында бала тәрбиесі мен ұстаз еңбегін дәріптеу, ұстазды құрметтеу мен білім ордасын дамыту барысындағы көп жылдық ізденістегі істері туралы баяндады. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын айтты.
«Біздің чемпиондар»
28
сентябрь
2022
«Біздің чемпиондар»
2022 жылғы 16-18 қыркүйек аралығында Ақтау қаласында панкратионнан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті, оған республиканың барлық облыстарынан 1000-ға жуық жасөспірімдер мен кадеттер қатысты. 
Жас мамандармен жұмыс
23
сентябрь
2022
Жас мамандармен жұмыс
22.09.2022 жылы “Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия” МКМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Дәулеткелді “Жас мамандарға кеңес” тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты: жас мамандарға оқушылармен, ата-аналармен және ұжыммен жұмыс барысында пайдалы кеңес беру.
ББЖМ
21
сентябрь
2022
ББЖМ
21.09.2022 жылы "Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия" МКМ директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дәулеткелді С.Д. 4 сынып мұғалімдерімен "Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу" тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  
Әйел ағзасына кері әсер ететін зиянды әдеттер
17
сентябрь
2022
Әйел ағзасына кері әсер ететін зиянды әдеттер
« Ш.Уалиханов атындағы N2 гимназия» МКМ-де  6-8 сынып қыздар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, «Әйел ағзасына кері әсер ететін зиянды әдеттер» тақырыбында әңгіме өткізілді.  Дәріс беруші Қонаев қалалық ауруханасының психолог-валеологы, жастар денсаулық орталығының төрайымы Жанузакова Назгүл Бейсембекқызы жеке бас гигиенасы, электронды темекі, вейптің зияны туралы ақпарат берді.